ШҚО-да мал ұрлығымен айналысып жүргендер ұсталды

ШҚО-да мал ұрлығымен айналысып жүргендер ұсталды
Фото: polisia.kz

ШҚО полицейлері мал ұрлаушылар тобын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олардың есебінде 70 астам мал ұрлығы бар. Келтірілген шығын көлемі 47 миллион теңгеден асып жығылады. Етті көбіне елдің оңтүстігінде саудалаған. Тәртіп сақшылары қаскөйлерді жедел іздестіру іс-шаралары барысында анықтады.

Топта төрт күдікті белсенді әрекет еткен. Мал басының бір бөлігі тәркіленді. Тергеу барысында олардың иесіз жылқыларды іздегені, кейін мал ұстау орындарына жеткізіп, ары қарай жүк көліктерімен басқа аймақтағы базарға тасымалданғаны анықталды.

Сонымен қатар, ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60 астам патрон тәркіленді. Олар бойынша сараптама тағайындалды.

Айыпталушылар соттың санкциясымен қамалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда және олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина