- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да Ленин ескерткішін...
ШҚО-да Ленин ескерткішін құлатып алған адам бірнеше жылға сотталуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Алтай қаласының (бұрынғы Зырян) орталық алаңындағы Ленин ескерткішінің қирауына байланысты соталды тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 203-бабының 1-бөлігі ("Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ, ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша соталды тергеу басталды. Жаза ретінде үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Тергеу амалдары жүргізіләп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі өкілдері.
15 тамызда Алтайда орталық алаңды абаттандыру басталды. Жұмыстар тізімінде Ленин ескерткішінің тұғырының гранит тақталарын қайта құру жұмыстары да болды.
Мердігер мүсінге зақым келтірмеу үшін оны бөлшектеуге шешім қабылдады, бірақ оның нұсқасы бойынша мұны істеуге уақыты болмады.
"Тұғырдан соңғы тақтайшаны алып тастаған кезде мүсін еңкейіп, өздігінен құлап кетті. Жұмысшылардың зардап шекпегені жақсы болды. Мен жауапкершіліктен құтылмаймын, өйткені оқиға болды - ескерткішті өз қаражатыма қалпына келтіремін. Ал біз оны өз орнына қоямыз", - деді мердігер Сұңғат Қауенов.
Осы кезде әлеуметтік желіде Ленин ескерткішінің жүк тиегіш шелекпен ілмектеп, тұғырдан итеріп кеткені бейнеленген куәгердің видеосы пайда болды.
Жағдайға Алтай өңірінің әкімдігі өкілдері пікір білдірді.
"Әлеуметтік желіде жүк көтергіш жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде ескерткішті жылжытып жібергені, нәтижесінде ол тұғырдан құлап кеткені бейнеленген видео таралып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деді әкімдік өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек