- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да қызына бір...
ШҚО-да қызына бір миллион теңгеден астам қарызы бар ер адам анықталды
ШҚО-да қызына бір миллион теңгеден астам алимент төлемеген ер адам анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері жеті жыл бойына кәмелет жасына толмаған баласын асырауға алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтың орналасқан жерін анықтаған. Қарыз сомасы бір миллион теңгеден асады.
Тәртіп сақшылары қыз баланың әкесін Тарбағатай ауданында тұрғанын анықтады, ол осы жылдар бойы ресми түрде жұмыс жасамағанын және алиментті сол себепті төлей алмағанын түсіндірді. Алайда ер адам міндетті түрде жұмысқа орналасатынын және қарызды төлейтінін айтқан.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері алимент төлемей жүрген 10 адамды анықтаған. Көші-қон қызметі атқарушылық құжаттың нұсқамасын орындамағаны үшін заң бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина