ШҚО тұрғыны қырағылық көрсеткені үшін 305 мың теңге алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"STOP есірткі!" жобасы аясында есірткі қылмысы туралы шынайы ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы төленеді.
"Биылғы қаңтарда ШҚО прокуратурасына есірткі таратылу дерегі туралы алғашқы белгі түсті. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 60 грамнан аса синтетикалық есірткі және күдікті анықталды. Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат α-пирролидиновалерофенон (α-PVP) психотроп заты екені дәлелденді", - деп жазылған хабарламада.
Құқықбұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Бұл ақпаратты хабарлаған азаматқа 305 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова