ШҚО-да кіреберістен шыққан зейнеткер тосын жағдайға тап болды - видео

Фото: Видео кадры

Желіде көшеге кіреберістен шығып бара жатқан егде әйелдің үстіне үйдің шатырынан қардың құлағаны бейнеленген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға қаңтардың басында Алтайда болған. 

Басылым мәліметінше, Алтайды биыл қыста қалың қар басқан. Сол себепті бұл күндері мектеп оқушылары қашықтан білім алып жатыр.

"Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін шенеуніктер қала тұрғындарын көпқабатты үйлердің төбесінен қар мен мұзды тазалауға шақырады. Қалың қар көпқабатты үйдің төбесінен кіреберістен шыққан зейнеткерге құлады", - деп жазған басылым.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек