- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да коронавирустан бір...
ШҚО-да коронавирустан бір адам қайтыс болды
Фото:
Тұрар Қазанғапов/tengrinews.kz
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі coronavirus2020.kz сайтында хабарлады.
Марқұм 41 жаста болған. 13 сәуірдегі ахуал бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 11-ге жетті:
Нұр-Сұлтан қаласында – 1,
Алматы қаласында – 2,
Шымкент қаласында – 1,
Ақмола облысында – 3,
Шығыс Қазақстан облысында – 1,
Қарағанды облысында – 1,
Павлодар облысында – 1,
Түркістан облысында – 1.
Індеттен барлығы 99 адам жазылып шықты. 13 сәуір сағат 11.00-дегі жағдай бойынша, сырқаттар саны – 972.
Massaget