Шығыс Қазақстан облысында көпірді су шайып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында су шайып кеткен жолдың арғы бетінде қалып қойған 60-тан астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.
Топтерек ауылынан 4 шақырым жердегі көпірді де су бұзып өткен. Құтқарушылар адамдарды қайықпен тасымалдап жатыр. Жергілікті билік арнайы техниканың көмегімен айналма жол салуға кірісті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!