ШҚО-да қолымен әдепсіз белгі көрсеткен әуежай қызметкері жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБК-нің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер) бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.
Сот отырысында 3 наурызда 15:52-де әуежай қызметкері азаматша Т. Өскемен қаласының әуежай ғимаратында жұмыста жолаушы М.-ді ұшуға тіркеу кезінде ашулы күйде дауыс көтерген жолаушы М.-мен жанжал кезінде басқаларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық орында қоғамдық тәртіп бұзып, жолаушыға әдепсіз қол белгісін көрсеткен.
15 наурызда сот қаулысымен азаматша Т. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде, жеңілдететін мән-жайды ескере отырып айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетіп, 51688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Соттың қаулысы заңды күшіне енді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!