38 жастағы ер адам есірткі салынған бауырсақты ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №73 мекемесіне беріп жіберуге тырысқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекеме қызметкерлері тергеу изоляторы аумағына тыйым салынған заттарды алып өтпек болған ер адамды анықтаған. Өскемен қаласының 38 жастағы тұрғыны ішінде шамамен 3 келі бауырсақ болған сәлемдемені колонияға кіргізуге тырысқан. Тексеру кезінде жеті бауырсақта белгілі бір иісі бар жасыл түсті заттар табылған. Сараптама нәтижелері бойынша бауырсаққа кептірілген марихуана салынғаны анықталған.
Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!