Шығыс Қазақстан облысы Первомайский кентінде көлік ағашқа соғылып, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, ВАЗ-2110 жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, ағашқа соғылған.
Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.
Полицияның мәліметінше, істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!