ШҚО-да көлігін сатпақ болған ер адам алаяққа тап болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлан ауданының 19 жастағы тұрғыны Өскемен ПБ Үлбі кезекші бөліміне хабарласып, алаяқтық дерегі туралы хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам Тихая көшесінде жүргенде сатып аламын деп алдап, оның ВАЗ-2114 автокөлігін иемденіп, осылайша 2 миллион теңге көлемінде залал келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминал полиция қызметкерлері 24 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол жауап алу барысында қылмысын мойындады.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!