ШҚО-да Қатонқарағай ауданындағы табиғи паркінде шыққан өрт оқшауланды

ШҚО-да Қатонқарағай ауданындағы табиғи паркінде шыққан өрт оқшауланды
Фото: tengrinews.kz/

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде шыққан өрт оқшауланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Катонқарағай ұлттық табиғи паркі" РММ Ақсу филиалының аумағында Катонқарағай ауданының Сенное ауылынан 3 шақырым жерде алдын ала аумағы 15 гектар құрғақ шөп пен бұталар жанған болатын. 18 маусымда сағат 14:00-де өрт оқшауланды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 11 қызметкер, орман шаруашылығынан 99 адам және 3 техника, Авиаорманкүзеті 6 адам және жергілікті атқарушы органнан 7 адам жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы табиғи паркінде өрт шыққанын хабарлаған едік. Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек