- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да қарттар үйінің...
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 миллион теңге жымқырған
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 миллион теңге жымқырғаны анықталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
"Лауазымды тұлғалар 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы мамыр аралығында қарттар мен мүгедектер үйінде орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 миллион теңге ақша қаражатын ұрлағаны анықталды. Олар "Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" шатырын күрделі жөндеуден өткіземіз деп жалған құжат жасаған", - деді ҚР ҚМА баспасөз қызметі өкілдері.
Бүгінде бұл іс бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Г. Досымшалова