- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Фототұзақ
ШҚО-да қар барысы фототұзаққа түсіп қалды
Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде тағы да қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сирек кездесетін жыртқышты Аршаты орманшылығында орнатылған фототұзаққа түсіріп алған. Бұл жануар түрі күш пен еркіндіктің символы - парктің нағыз мақтанышы. Әрбір осындай кадр Қатонқарағай ұлттық табиғи паркінің жануарларды қорғаудағы маңыздылығын еске салады", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалған болатын.
Экология министрлігінің мәліметінше, жыртқыштар Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде байқалды.
Қар барысы - ең сирек кездесетін ірі жыртқыштардың бірі. Бұл жануардың "қар барысы" деп аталуы бекер емес, ол - таулы аймақтарда, жыл бойы қар басып жататын биік таулы аймақта өмір сүретін мысықтар тұқымдасының жалғыз өкілі.
Қазақстанда қар барысы 1978 жылы Қызыл кітапқа енгізілген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина