ШҚО-да қалың қар салдарынан бірнеше ауылда қатынас үзілді

Шығыс Қазақстан облысы қалың қар астында қалды. Қыс басталмай жатып Марқакөл ауданындағы бірнеше елді мекенмен қатынас үзілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Борап жауған ақұлпаның қалыңдығы кей жерде бір метрге жуықтаған. Теректі, Ұранхай, Төсқайың тас жолы үш күннен бері жабық.

Алты техника бөлініп, қалың қарды күреп жатыр. Бірақ жол тазалауға ақтүтек боран кедергі келтіріп жүр. Ал аудандық атқамінелер ауа райы тұрақталған жағдайда ғана қар астында қалған қарашамен қатынас жанданады дейді. Көлік қатынасын қалпына келтіріп, қардан тазартуға әлі екі күн қажет.

"Бүгін шығыс жолдың техникалары, яғни алты техника әр учаскеге бөлініп жұмыс істеп жатыр. Қосымша ауыр техникаларды шақыртып жатырмыз. Сондықтан жолға шықпай, сабыр сақтауларыңызды сұраймыз", - дейді Марқакөл ауданының әкімі Рүстембек Кемешев.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!