ШҚО-да жыл басталғалы 100-ге жуық бала әткеншектен құлап, жарақат алған

ШҚО-да жыл басталғалы 100-ге жуық бала әткеншектен құлап, жарақат алған
Фото: elements.envato.com

ШҚО-да жыл басталғалы 100-ге жуық бала әткеншектен құлап, жарақат алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, оқыс жағдайлар жаз мезгілінде жиі тіркеледі. Оның ішінде, еті қызарып, көгеру, күн өту, күйіп қалу, иығы шығып кету, сондай-ақ, сүйегі шытынап, сыну жағдайлары көп. Ана мен бала орталығы мамандарының ақпаратынша, биыл бес ай ішінде түрлі жарақат алған 1000-ға жуық тұрғыннан өтініш түскен. Көктем басталғалы 329 адамды кене шақса, жүзге тарта бала әткеншектен құлаған.

"Балаңыз серуендегісі келсе, міндетті түрде киімін соған жарайтындай етіп кигізген дұрыс. Скутер, велосипедке отырса, тиісті шлемі болуы керек. Киімі жарыққа шағылысып тұрса, тіптен жақсы, өзі үшін қауіпсіз", - деді Өскемен қалалық №1 емхананың дәрігері Толғанай Тастанбекова.

Дәрігер барша ата-ананы балаларын балконға жақындатпауға, суға түсуге барса, шомылатын жерді дұрыс таңдауға кеңес берді.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда үш жасар қыздың саусағы жұлынып қалғаны хабарланған еді.

Асыл Бигелді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz