ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған гелендваген жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іске қатысты жиналған материал әкімшілік сотқа жіберілді, құқық бұзушының көлігі айыппұл тұрағына қойылды.
26 қаңтарда облыс орталығының көшелерін түнгі патрульдеу кезінде ШҚО ПД ППБ қызметкерлері Үлбі көпірінде облыстың 27 жастағы тұрғынының басқаруындағы Mercedes-Benz-G 500 автокөлігін тоқтатқан.
Құжаттарды тексеру барысында ер адам 2023 жылдың наурызында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды, бірақ бұл оның рульге қайта отыруына кедергі болмаған. Қазіргі уақытта көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 612 - баб 4-1-бөлігі бойынша - "әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, онда жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл не он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу көзделеді.
Айта кетейік, жұмадан сенбіге қараған түні облыс орталығында Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары 90 ЖКЕ бұзушыларын анықтады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!