Жүкті әйел медициналық мекемеге ТЖМ тікұшағымен шұғыл түрде жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жүкті әйел Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласынан Өскемен қаласына тікұшақпен жеткізілді.
ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшқыштары мен санитарлық авиация дәрігерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында науқас аман-есен медициналық мекемеге жеткізілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!