Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 87 жастағы және кәмелетке толмаған жолаушы мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 ақпан Өскемен-Рахман қайнары республикалық маңызы бар автожолында Топқайың және Қатонқарағай ауылдары арасында ВАЗ-208 және Lada Granta автомобильдері соқтығысты.
Салдарынан ВАЗ-2108 көлігінде болған 87 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.
ВАЗ-2018 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі және Lada Granta-дағы кәмелетке толмаған жолаушы Катонқарағайдағы ауруханада көз жұмды.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!