ШҚО-да жол апатын жасаған жүргізуші полициядан алдымен көлігімен, кейін жаяу қашқан

Шығыс Қазақстан облысында жол апатын жасаған жүргізуші оқиға орнынан қашуға тырысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша полицияға жүргізуші масаң күйде жол апатын жасап, оқиға орнынан қашуға тырысқаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері дереу шара қабылдаған. Жүргізуші көлігін тастап, жаяу қашуға тырысқанымен, полиция қызметкерлері оны ұстаған.

"Ол 45 жастағы ер адам болып шықты. Медициналық куәландыру нәтижесінде ол масаң күйде болғаны анықталды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді ПД өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!