Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен екі адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғалған демалушыларға көмекке құтқарушылар келді.
6 шілдеде Алтай ауданының құтқарушыларына демалыс базаларының бірінде екі адам Бұқтырма су қоймасы арқылы қайықпен жүзіп, байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу іздеуге кірісіп және Шығанақтағы қарама-қарсы жағалауда жоғалғандарды тауып алған. Адамдар бар қайық демалыс орнына жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болмады.
ШҚО ТЖД демалушыларға еске салады:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!