ШҚО-да жоғалған 12 жастағы бала аман-сау табылды

ШҚО-да жоғалған бала табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"ШҚО-да бала табылды. Ол аман-сау. Оны ЖҚАЖ қызметкері тапты", - делінген хабарламада.

 

Еске салайық, бұған дейін Өскеменде аутизммен ауыратын 12 жастағы бала жоғалып кеткені хабарланған болатын.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "102" арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтқан.