Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 23:08-де ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Ол Шығыс Қазақстан облысы Үлкен-Нарын ауылында 2 балл болып сезілген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!