- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да жастар АЭС...
ШҚО-да жастар АЭС салудың тиімділігін талқылады
Jastar ENERGY жастар қозғалысы өңірдегі алғашқы кездесуін өткізді. Облыстық жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылған шараға Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
"Jastar ENERGY" қозғалысының мақсаты – жас ұрпақты "жасыл энергетиканың" және әлемдегі атом энергетикасының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ақпараттандыру.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында да атом электр станциясын салудың артықшылықтары туралы атап көрсетті. Біз алдағы уақытта жастардан бөлек, өзге ұйым өкілдерімен де кездесіп, осы тақырыпта түсіндіру жұмыстарына жүргізуді жоспарлап отырмыз", - дейді бастамашыл топтың жетекшісі Леонид Ысмайылов.
Кездесу соңында Арбатта викториналар мен қызықты ойындар, сауалнамалар ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар мұндай форматта шаралар өткізу тұрғындардың қызығушылығын оятады деген пікірде.
"Қала тұрғындары болашақта атом энергетикасының арқасында экология жақсарып, атомды бейбіт мақсатта пайдалану перспективаларынан хабардар болу үшін де адам көп жүретін демалыс орнында осындай қызықты шара өткізуге шешім қабылдадық", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Еске салайық, АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазан күні өтеді.
Материалды Шығыс Қазақстан облысының ақпарат орталығы ұсынды
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан