ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты

ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты
Фото: ІІМ кадры

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 қарашада Өскемен-Риддер тасжолының 48-шақырымында ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima көлігі жол апатына ұшыраған.

"Оқиға салдарынан 5 адам жан тапсырды. 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Үмітов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget