ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды: көлік каналға түсіп кеткен

Фото: видеодан кадр

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауылынан 5 шақырым қашықта жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік Төре Тоған каналына түсіп кеткен.

"Жер-2024" оқу-жаттығуына келген Қарағанды облысының құтқарушылары автокранның көмегімен судан көлікті және оның ішінде көз жұмған жүргізушіні алып шықты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget