- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да ер адам...
ШҚО-да ер адам 13 жастағы балаға жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған
"НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі шемонаихалық көпбалалы ананың үндеуін жариялады. Әйелдің айтуынша, ШҚО-дағы Шемонаихада белгісіз ер адам оның 13 жастағы ұлына жақындап, 10 мың теңгеге жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында бөлісті.
Әйелдің айтуынша, 2023 жылғы 6 сәуірде оның кәмелетке толмаған баласы үйге жетіп қалғанда мас ер адам келіп, 10 000 теңгеге интим қатынасқа түсуді ұсынған. Бала дереу көмекке шақырған, өтіп бара жатқан куәгер полиция қызметкерлері келгенше мас ер адаммен сөйлесе бастаған. Бала полиция қызметкерлерін көрген соң көмекке шақырған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, куәгерді босатқан.
"Тергеудің әділ өтетініне онша сенбеймін. Қоғам бұл туралы ашық айта бастаса, маған көмегі тиер еді. Кешіріңіздер, қатты толқып тұрмын. Баламның психикасы бұзылды, түнде тұрып жылайды. Бұлай болуы мүмкін деген ойыма ешқашан келмеген. Ұсталған адам баламмен интим қарым-қатынасқа түсу үшін ақша ұсынғанын мойындаған. Алайда полиция қызметкерлері оны елден шықпайтыны туралы хат алып, босатты. Мен - көпбалалы анамын. Құдай сақтасын, әрине, бірақ бұл жағдайда не істеуім керек. Көмектесіп жіберіңіздерші", - дейді ол.
Редакция бұл оқиғаға қатысты Полиция департаментіне сауал жіберді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек