ШҚО-да екі латвиялық сотталды

ШҚО-да екі латвиялық сотталды

ШҚО-да екі Латвия азаматы есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Былтыр шілдеде синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана анықталған. Тінту барысында 125 келі мефедрон (630 мың бір реттік доза), 500 литр прекурсор және тәулігіне 30 келі синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буынды зертханалық жабдық тәркіленген.

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады.  

"Қылмыстық іс сотта 3 ай бойы қаралды. Сот процесі барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, мемлекеттік айыптаушы соттан 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады", - деп жазылған хабарламада.

Сот шешімі

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен екі Латвия азаматы Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі 3-тармағының 1,3-тармақшалары бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!