ШҚО-да екі еуропалық азамат есірткі зертханасын ұйымдастырып алған

ШҚО-да екі еуропалық азамат есірткі зертханасын ұйымдастырып алған

ШҚО-да еуропалықтар есірткі зертханасын ұйымдастырып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК-нің облыс бойынша департаменті Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметін әшкереледі.

Заңсыз айналымнан 630 мың бір реттік үлеске баламалы 125 келіден аса "мефедрон", 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ тәулігіне 30 келіге дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буын зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады.

Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жариялауға болмайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина