"Ашық НҚА" порталында Үлкен Нарын мен Марқакөл ауылдарының аудан ретінде қайта құрылуы талқыға шығарылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында жобаны қабылдау арқылы халықтың кетуін азайтуға мүмкіндік туатыны жазылған.
"Олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға және шекара маңындағы аумақтардың экономикалық дамуына, оның ішінде тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға, жаңа серпін жасауға мүмкін береді. Бұл Қытай елімен шекаралас жатқан Мақаншы, Үлкен Нарын, Катонқарағай, Марқакөлдің мәртебесін қалпына келтіру мәселелеріне қатысты", – делінген құжатта.
Ашық порталында ауылдарды дамытудың бес тұжырымдамасына сәйкес ауылдық округ басшыларына өкілеттіктер мен қосымша міндеттер өкілеттіліктер тапсырылатындығы жазылған.
Асыл Бигелді
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!