- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да бұрынғы полицей...
ШҚО-да бұрынғы полицей пәтер терезесінен оқ атып, екі адамды жаралады
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында бұрынғы полицей үйінің терезесінен көшедегі адамдарға оқ атқан, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Риддерде мас ер адам қолына пневматикалық атыс қаруын алып пәтерінің терезесінен көшедегі адамдарға оқ атқан. Ол екі азаматты жаралаған. Ер адамды жедел келіп жеткен тәртіп сақшылары тоқтатты. Қала тұрғыны бұрын полиция қызметкері болғаны анықталды.
Г. Досымшалова"Екі жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта ол үйінде оқшауланған, ешкімге қауіп төндірмейді. Бүгінде Риддер тұрғыны полиция қатарында қызмет етпейді", - делінген ақпаратта.