Шығыс Қазақстан облысында суға батып кеткен екі балықшы іздестіріліп жатыр. Қайғылы оқиға Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінде болған. Қатты жел салдарынан ішінде үш ер адам отырған қайық аударылып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Суға батқандардың сүйегі екінші тәулік бойы іздестіріліп жатыр. Құтқарушылардың мәліметінше, балықшылардың бірі, яғни 58 жастағы ер адам жағаға өз бетінше жүзіп шыққан. Оған жергілікті тұрғындар көмектескен. Оның екі серігі суға батып кеткен.
Қазір оқиға орнында ауқымды іздестіру операциясы жалғасып жатыр. Облыстық ТЖД өкілдері бұған дейін өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын айтты.
"Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, жүзу құралдары, дрондар, катерлер жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына жергілікті тұрғындар да қайықтарымен қатысып жатыр", - деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова