Шығыс Қазақстан облысында базарда балағат сөз айтқан зейнеткерге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, әкімшілік іс Шемонаиха аудандық сотында қаралды.
Шемонаиха базарларының бірінде екі сатушы әйел жанжалдасып қалған. Волчанкадан келген әйел көп куәгердің көзінше екіншісін балағаттаған. Полицияның патрульдік қызметі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды. Қоғамдық орында заң бұзған зейнеткер Шемонаиха аудандық сотына шақырылды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша) әйелге 12 075 теңге айыппұл салынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!