Қар құрсауында қалған балықшы мен оның досын ШҚО полицейлері құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
1 қаңтар күні кешкі уақытта Шемонаиха полиция бөлімінің кезекші бөліміне тұрғын әйел хабарласып, күйеуінің таңертең ерте балық аулауға кеткенін, содан кейін қайта оралмағанын хабарлады.
Қарда жүретін көліктерге мінген полицейлер дереу іздеуге шығып, жоғалған адамдарды бір-екі сағаттан кейін тапты.
Ер адам қарда жүретін көлікпен балық аулауға кеткен, содан кейін үйіне қайтуға дайындалған. Қайтар жолда оның қар көлігі мұзға жартылай құлап кеткен. Өздігінен төтеп бере алмайтынын түсінген балықшы әйелі мен досына телефон соғып, көмекке шақырады. Бірақ ол да қар құрсауында қалды. Біраз уақыттан кейін екі ер адам кездесіп, бірге көмек күтеді.
Ер адамдар үйлеріне жеткізілді, полиция қызметкерлеріне оларды құтқарғаны үшін алғыс айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!