ШҚО-да балабақшада қауіпті шамдар балаларға қолжетімді жерде тұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ШҚО-ның Самар ауданының прокуратурасы "Дәншік" балабақшасында санитарлық ережелердің өрескел бұзылуын анықтады. Тексеру барысында құрамында сынап бар 22 шамның балаларға қолжетімді жерде сақталуы, олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіргені анықталды.
Люминесцентті шамның құрамында үш-бес миллиграмм сынап бар және олардың дұрыс сақтамауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Қолданыстағы талаптарға қарамастан, балабақша әкімшілігі бұл қауіпті заттарды әкету мен жоюға әрекеттер жасамады.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде қауіпті материалдарды әкету бойынша мамандандырылған ұйыммен шарт жасасып, оларды жою шаралары басталды.
Кінәлілер, оның ішінде балабақша меңгерушісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!