ШҚО-да бағалы металдарды заңсыз өндіргендер анықталды

ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бағалы металдарды заңсыз өндіру фактілерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлан ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бағалы металдарды іздеу үшін тиісті лицензиясыз жер қазумен айналысқан заңсыз кеншілердің екі тобы анықталды.

Осы мақсат үшін кеншілер 4 металл іздегішті пайдаланған, олар кейіннен тәркіленген

Сонымен қатар, жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып жер қойнауын заңсыз өндіру салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіру фактісі анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін полицияға жіберілді. Бұл ретте полицейлер жайылымдық жерлерді пайдалану кезінде зардап шеккендерді анықтау шараларын жүргізуде.

Прокуратура органдары маусымдық сипатты ескеріп, жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруда.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!