- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да аюлар малға...
ШҚО-да аюлар малға шабуыл жасап жатыр
ШҚО-да аюлар үй шаруашылығына шабуыл жасайтын жағдай жиілеп кеткен, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, аймақта аюлардың популяциясы өсіп жатыр. Мамандардың есебі бойынша облыста 3021 аю бар бар. Маусымда аюлар Степной ауылы маңындағы омарталарды төрт рет қиратқан, Топиха ауылында да осындай жағдай болған. Сарапшылар бұл жас жануарлар екенін, олар шамамен бір жасар екенін анықтаған.
Мамандардың айтуынша, аюлар бір жерден тамақ алуды әдетке айналдырса, оларды ол жерден аластау өте қиын екен. Сондықтан зардап шеккен шығыс қазақстандықтар мүлкі үшін ғана емес, өздерінің қауіпсіздігі үшін де алаңдап отыр.
Тұрғындар жануарды өлтірсе, заң бойынша жазаланатынына байланысты "оларға қарсы тұра алмаймыз ба?" деп алаңдайды.
Ж. Қадыржанова"Бұл - қылмыстық жауапкершілік. Қазір омарташылар да, қалғандары да қорғансыз. Яғни, олар, Америкадағы сияқты, өз меншігін қорғап, аюды, тіпті басқа жануарды өлтіруге құқығы жоқ", - деді Өскемен орман шаруашылығының аңшысы Сергей Осинцев.