Шығыс Қазақстан облысында аяусыз соққыға жығылған қыз қазір ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері растады. Жәбірленуші қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында.
"Оған барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Туыстарының өтініші бойынша қыздың жағдайы туралы толығырақ мәлімет бере алмаймыз. Қазір қызға барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Оқиға Өскемендегі сауда орталығында болғаны хабарланды. Видео дәретханада түсірілген, онда бір қыз екіншісін қатыгездікпен ұрады. Тағы бір қыз оқиғаның бәрін видеоға түсірген.
Өскемен полициясы камера алдында қатарласын шешінуге мәжбүрлеген бір топ жасөспірім қыздың видеосын тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Бұл материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыстық іс шеңберінде оған қатысы бар адамдар анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Әйгерім Бейсембаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!