Шығыс Қазақстан облысында полицейлер заңсыз қару-жарақ арсеналын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, Ұлан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегін әшкерелеген.
"Ауылдық жерде тұратын 52 жастағы тұрғынның үйін тексеру кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді. Олардың қатарында тегіс ұңғылы аңшы мылтығынан жасалған бір ұңғылы кесінді, револьвер және 50-ге жуық патрон бар. Ер адам қару мен оқ-дәрілер қайтыс болған ағасынан қалғанын айтты", - деді ІІМ өкілдері.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған (соталды тергеу басталған - еск.).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!