ШҚО-да аудандық сот кінәлі адамды заңсыз ақтап жіберген

Қылмыстық қудалау органымен бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп айыпталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда қылмыс құрамының белгілері мен іс бойынша жиналған дәлелдерге қарамастан, Самар аудандық соты сотталушыны негізсіз ақтады.

"2024 жылғы 23 қазанда Самар ауданы прокурорының апелляциялық өтініш-хаты бойынша Шығыс Қазақстан облыстық соты бірінші саты сотының үкімін жойып, жаңа айыптау үкімін шығарып, Б-ны кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырды", - деп хабарлады ШҚО прокуратурасы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз