• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

ШҚО-да алаяқтар желісі жойылды

Фото: Видео кадры

Киберполиция Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар желісін жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі.

"Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Қарағанды қаласында да шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленген.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget