ШҚО полицейлері бопсалаушыны ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жәбірленуші құқық қорғау органдарына ер адам өзіне және отбасына күш көрсетіп, одан 1 млн теңге бопсалағанын хабарлады. 200 мың теңге алу кезіндегі жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде шығысқазақстандық жедел уәкілдер бұрын сотталған 37 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады. Күдікті өз әрекетін мойындаған, оның заңсыз әрекеттерін растайтын қолма-қол ақша тәркіленді.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Күдікті қамауға алынды. ШҚО полиция департаменті аталған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Кез келген жағдайда бопсалаудың құрбаны болған адамдар құқықтық қорғау органдарына өтінішпен жүгінуі керек, ең бірінші қадам үшін 102 жедел арнасына қоңырау шалу жеткілікті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!