Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында спутник суреттерін талдау және аудан аумағын көзбен шолып тексеру нәтижесінде 15 рұқсат етілмеген қоқыс анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңір прокуратурасы мәліметінше, аббаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін полиция қызметкерлері 177 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
"Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша тиісті деңгейде бақыламағаны үшін 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде төленді", - деп жазылған хабарламада.
Бұл бағыттағы жұмыс прокуратураның бақылауында екені айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында да әкімдер жауапқа тартылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова