ШҚО полицейлері әккі пәтер ұры қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Пәтер ұры Өскемен қаласы тұрғынының үйінен зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлап үлгерген. Тәртіп сақшылары 48 жастағы күдіктіні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұстаған. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған шығысқазақстандық азамат әдетін қайта бастағаны анықталды. Бұл жолы жәбірленуші үйдің пластикалық терезесін қысу арқылы ашып кірген және ол жерден 600 мың теңгеден астам ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған.
Ер адам бұл әрекетін мойындады, полиция қызметкерлері одан заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізу кезінде оның тағы бір ұрлыққа қатысы барын анықтады, онда ер адам дәл осындай схеманы пайдаланып, облыс орталығының тұрғынынан құны 40 мың теңгеден асатын ас үй керек-жарағын ұрлаған.
Ұрлық фактісі бойынша ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас бұрын жасаған қылмыстарға қатысы бар екені анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!