ШҚО-да әкесі мен ұлы үйінде өлі табылды. Полиция өкілдері істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті мәліметінше, 17 желтоқсанда Қатонқарағай ауданы полиция бөлімі Қабырға ауылындағы үйде зорлықпен өлтірген белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адамның денесін тапқан. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 99-бабы (Адам өлтіру) баптары бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері басталды.
Алдын ала болжам бойынша, әкесі ұлына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ атқан, одан ұлы қайтыс болған, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір істің мән-жайын жан-жақты, толық және объектив зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сот сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!