Шығыс Қазақстан облысында көлікті заңсыз айдап кеткен адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
5 қаңтарда сағат 18:55-те 102 арнасына қала тұрғыны хабарласып, BMW көлігін белгісіз біреу заңсыз айдап кеткенін айтқан. Жәбірленушіге шамамен 2 000 000 теңге көлемінде материалдық шығын келген.
Жедел іздестіру шаралары барысында Өскемен-Алтай тасжолының 38-шақырымында іздеудегі көлік тоқтатылған.
"Көлік тізгінінде бұрын сотталған 31 жастағы адам болған. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті Өскемен қалалық полиция басқармасына жеткізілді", - деді ІІМ өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!