Алып ағаш Күршім ауданындағы Марқакөл орман шаруашылығы аумағында өсіп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жақта бірнеше адамның құшағымен өлшенетін өсімдіктер аз емес. Осыған дейінгі ақпараттардың бірінде Күршім ауылына кіреберісте жайқалып тұрған үш терек жайлы айтылған болатын. Оларды Күршім орман шаруашылығының өрлеуіне сүбелі үлес қосқан Әлімхан Әмренов отырғызған болатын. Үш теректің тамырын тереңге жайғанына кемі 57-58 жыл.
Ал 700 жылдық сағызқарағайды Марқа өңірінің жұрты "алып ағаш" деп атайды. Оның жапырақтары қысқа дейін түгелдей түсіп қалады. Қылқанжапырақты тұқымдас бұл ағаш әлемнің көптеген елінде өсетін көрінеді.
Асыл Бигелді
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!