- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да 6-сынып оқушысы...
ШҚО-да 6-сынып оқушысы мен студенттің не себепті өлгені тергеліп жатыр
Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы оқушы мен Алтай қаласындағы колледж студентінің өлімі туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы түсінік берді.
"Кәмелетке толмағандардың өлімі фактісін растаймыз. Бұл студент пен 6-сынып оқушысы. Бұл оқу процесі кезінде емес, демалыс күндері, балалар үйінде жүрген кезде болды. Бұл суицид пе, әлде жоқ па - полиция анықтайды, - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда суицид жасау дерегі 7 пайызға, суицидке әрекеттену 17,5 пайызға төмендегенін хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан