- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мал ұрлығы
ШҚО-да 5 млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында ірі көлемде жасалған мал ұрлығы бойынша 50 жастағы бақташы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, ол өзі жұмыс істеген жергілікті фермердің 17 бас жылқысын ұрлаған. Оларды басқа қораға айдап апарып, өз мақсатында пайдаланған.
Алдын ала жиналған мәліметтер бойынша күдікті жылқыларды 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейін сатып, түскен қаражатты өз пайдасына жұмсаған. Күдіктінің іс-әрекетінен келтірілген жалпы шығын мөлшері 5 миллион теңгеден асқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция ұрланған малдың бір бөлігін тауып, иесіне қайтарған. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қалған малдарды табу бойынша іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мал иелеріне малды үнемі тексеруде ұстауды, бақылауды күшейтіп, жұмысшылар таңдауда мұқият болуларын ескертеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары полициямен тығыз байланыс орнатудың және күмәнді іс-әрекет байқаған жағдайда уақытылы хабарлау, қылмысты болдырмауға және шығынды азайтуға көмектесетінін басымдылықпен атап өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина