Шығыс Қазақстан облысында 48 жастағы ер адам суға батып кетті. Оқиға Алтай өңірінде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
4 маусымда кешке Алтай аймағы ТЖД құтқарушылары Прибрежный кентіндегі шығанақтан 1975 жылы туған ер адамды өлі тапты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бір күн бұрын шығанақ жағасында екі ер адам ішімдік ішіп, суға түсуге бел буған.
"Қайғылы оқиға туралы куәгерлер хабарлады. Сондай-ақ, олар адамның суға батқан жерін көрсетті, сондықтан сүңгуірлер ер адамның денесін бірден тапты", - деді жағалау тұрғыны Егор.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!